Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Хабарландыру!


«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына сәйкес Бейнеу ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңіне 2017 жылдың 17 сәуір мен 12 мамыр аралығында құжаттар қабылданатындығын хабарлайды.

1. Аудандық әкімдік ғимаратының 2 қабатында орналасқан «Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысуға ниет білдірген отбасы төмендегі құжаттарды тапсырады:

1) Өтінім;

2) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

3) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;

6) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

7) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

8) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

9) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

2. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер іріктеу кезеңіне қатысуға жіберілмейді.

3. Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.


Байланыс телефондары: 2-10-17, 2-16-80.