Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

! Тауарларды электронды саудада сат

  Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  2018 жылдың 1-ші қантарынан бастап Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 25 ші желтоқсанындағы №121-VI-ЗРК  бекіген Жаңа салық кодексінің өзгерістер енгендігін хабарлайды. Жаңашылдық бірі электронды сауда болып табылады. Сонымен, Салық кодексінің 1 бабы, 65-ші тармағымен Электронды сауда ұғымы бекітілді. Электронды сауда бұл-жеке тұлғалардың информациялық технология арқылы интернет дүкендерде өз кәсібін келесі шарттарды қадағалап жүзеге асыру:

-тауарларды электронды түрде бөлшек саудада сату.

-тауардың төлемі қолма қол ақшада жүргізілмейді.

-тауарларды жеткізуде өздерінің дербес қабылдау қызметтерінің болуы, немесе жүкті жеткізуде, курьерлік пошталық қызметінің болуы.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 1-ші бабы,29,30 шы тармақтарындағыдай интернет алаң,интернет дүкенд деген ұғымдар қалыптасты.

Салық кодексінің 88 бабы, 1-ші тармағы,10)тармақшасына сәйкес кәсібін электронды сауда мен жүргізетіндер-жекелеген қызмет түріне жатады.

Сонымен қатар, қызметтің жекелеген түрімен яғни электронды саудамен айналысатындар Салық кодексінің 88 бабы 4-ші тармағында көрсетілгендей кәсіпкерлікті тіркеу хабарламасы арқылы есепке алынады.

Хабарлама салық органына 3 жұмыс күні ішінде табыс етуге тиіс.

Салық кодексінің 293 бабы 3-ші тармағы бойынша тауарды электронды саудада сату мен айналысатын салық төлеуші корпаративті табыс салығын,салық кодексінің 302 бабы бойынша 100%-ға азайтады.

2017 жылдың 25 желтоқсандағы жаңа салық кодексінің 33 бабы 2-ші тармақшасында №121-VI- Салық кодексінің 357 бабы 2-ші тармағымен 2020 жылдың 1-қантарына келесілер жүзеге асады:

-Салық кодексінің 366 бабымен жеке табыс салығы

-алу

Салық кодексінің 341 бабы 1-ші тармағындағы табыстың өзгертілген сомасы

-алу

Салық кодексінің 342 бабында көрсетілген Салық шегерімдері

Сондай ақ саудамен айналысатындар дара кәсіпкерлер заңның  48 ші бабы бойынша жеке табыс салығы патент құнына қоса салық салу обьектінің 2%-зына (қолма қол ақшасыз) 1%-зын қолдана есептеледі.

Жоғарыдығыларды қорыта тіркелген салық төлеушілерге Салық кодексінің нормаларын сақтап салық преференциялары ұсынылады.

  Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы