хабарландыру

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

хабарландыру

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «УПРАВЛЕНИЕ

СЕЛЬСКОГО  ХОЗЯЙСТВА МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ»

130000, Ақтау қ. 23 шағын аудан, 100 үй

тел. (7292) 60 51 19факс:  (7292) 60 51 12

E–mail:ush_2012@mail. ru

11.06.2018г. № 04-12/910

130000,  г.Актау,  23 мкр., дом 100

тел. (7292) 60 51 19;  факс: (7292) 60 51 12

E–mail:ush_2012@mail .ru

 

Қала, аудан әкімдіктері

ҚР Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін 2018 жылға республикалық бюджеттен 490 251,0 млн теңге бөлініп, облыс әкімдігінің қаулысымен сәуір айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на – 294 150 600 теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на – 196 100 400 теңге бөлініп берілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы бағдарлама бойынша тағы да қосымша 753 838,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда облысқа бөлінген барлық қаржы – 1 244 089,0 млн теңгені құрап отыр.

Егер аталған бағдарлама бойынша несие алуға ниетті азаматтардың кепілге қоятын мүлкі болмаған жағдайда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алу үшін «Қазагрокепіл» АҚ-на кепілгер болуға өтініш білдіре алады. Егер талап етілген құжаттар тізбесі қаралып, өтініш қанағаттандырылған жағдайда, өтініш білдірушіге несие беріледі. 

Қазіргі таңда, «Қазагрокепіл» АҚ-на осы бағдарлама шегінде кепілгер міндетін атқарғаны үшін, облыс бюджетінен 10 млн теңге бөлінді, сондай-ақ қосымша 40 млн теңгеге сұраныс берілуде.

Жоғарыдағылардың негізінде, өздеріңізге қарасты елді мекендер мен селолық округ тұрғындарын кеңінен ақпараттандыруды сұраймыз және ауыл шаруашылығы саласы бойынша өз шаруашылығын ашуға немесе дамытуға ниет білдірген азаматтар үшін осы мәселе бойынша қосымша сұрақтармен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдігіне (Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимараты, 3 қабат, 306 кабинет, тел: 59-91-95) және «Қазагрокепіл» АҚ өкілдігіне (Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимараты, 3 қабат, 303 кабинет) директоры  Л. Молдабекова 87017808180) хабарласуларыңызға болады.

Қосымша - «Қазагрокепіл» АҚ-ның 25.05.2018 жылғы № 07-08/404 хаты.

Басқарма басшысы    С. Қалдығұл

 

 Ж.Бектұрова, 8/7292/ 605114