Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Базалық зейнетақы тағайындаудың әдістемесі бойынша.

  2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгеріп, еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.

  Қәзіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан, бірдей базалық зейнетақы 15 274 теңге алады (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%).

  2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы былай тағайындалатын болады:

   1) азаматтар жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына (ерлер үшін 63 жас, 58,6/63, әйелдер үшін) толған кезде;

  2) еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.

  Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа механизімін енгізудің маңыздылығы мынада:

  Егер азамат жұмыс істеп және БЖЗҚ-ға тек 10 жыл зейнетақы жарнасы аударылған болса немесе мүлде жұмыс істемеген болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің (әрі қарай-ТКД) 54% мөлшерінде, яғни базалық зейнетақының бүгінгі мөлшеріне баламалы түрде тағайындалады.

  Әрбір 10 жылдан артық істеген жыл үшін базалық зейнетақы 2% - ға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ТКД 74%, 30 жыл жұмыс істесе – базалық зейнетақы ТКД 94%. Бұл ретте еңбек өтілі 33 жыл және одан астам болса, базалық зейнетақы ТКД 100% аспайтын мөлшерді құрайды.

Еңбек

өтілі

ТКД нен үлес

ТКД – нен мөлшері (2018 жылға 28 284 теңге)

Еңбек өтілі

ТКД –нен үлес

ТКД – нен мөлшері (2018 жылға 28 284 теңге)

  < 10

54 %

15274

22

78 %

22062

11

56 %

15840

23

80 %

22628

12

58 %

16405

24

82 %

23193

13

60 %

16971

25

84 %

23759

14

62 %

17537

26

86 %

24325

15

64 %

18102

27

88 %

24890

16

66 %

18668

28

90 %

25456

17

68 %

19234

29

92 %

26022

18

70 %

19799

30

94 %

26587

19

72 %

20365

31

96 %

27153

20

74 %

20930

32

98 %

27719

21

76 %

21496

  33 <

100 %

28284

  Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдістемесі әлеуметтік әділеттілік қағидасына сәйкес келеді, себебі бұл зейнеткерлердің материалдық жағдайын жақсартып қана қоймайды, азаматтарды еңбекке ынталандырады және еңбек қатынастарын заңдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық  болашақ зейнеткерлерге де және зейнеткер болып табылатындарға да қатысты болады.

  1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы іс құжаттарындағы мәліметтер бойынша анықталады, қосымша құжаттар талап етілмейді. Міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер бойынша мәліметтер міндетті зейнетақы жарналары аударылуы жөніндегі орталықтандырылған деректер қорынан алынатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КеАҚ  Маңғыстау облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы»  департаментінің  Бейнеу аудандық бөлімшесінің басшысы  Қ.Төлегенов